Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы «Жұлдыз» тұрғын алабының Асубұлақ көшесіне асфальт қабатын төсеу және аяқ жол салу жұмыстары басталып кетті.
Еңбекші ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1932 жылы құрылған.
Аудан аумағын инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету мақсатында қамтылмаған аумақтардың сызбасы мен анықтамалары Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырылып, нәтижесінде басқарма тарапынан қамтылмаған абоненттерді қамту мақсатында техникалық шарттар мен сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуде. Сонымен қатар, аудан аумағындағы тұрғын алаптардағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары келісілді.
Ауыз сумен қамтамасыз ету:
Қамтылғаны 92,5%(61291 аб.), қамтылмағаны 7,5%(4953 аб.).
— Бадам тұрғын алабының ауыз су жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, (жоба 301,24 млн. теңге) 2020 жылға қаржы бөлінді.
— Бадам-1, Бадам-2 тұрғын алаптарына (жоба құны 196,5 млн. 2019 жылға 1 млн. теңге) құрылыс жұмыстарын «Лидер строй проект 2002» ЖШС-і бастады. Нысан 2020 жылға өтпелі.
— Базарқақпа тұрғын алабынбында «Ынтымақ бес Арыс» ЖШС-і, Тұрдыабат тұрғын алабынбында «Омега строй» ЖШС-і, Абдуллабат тұрғын алабынбында «Авто рем строй ЛТД» ЖШС-і ауыз су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
— Базарқақпа (2-ші кезек), Абдуллабат (2-ші кезек), Бадам-1, Жыланбұзған, Тоғыс, Айнатас, тұрғын алабтарының ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық есептері әзірленуде.
Бүгін аталған елді мекен тұрғындарымен аудан әкімі тарапынан кездесу өткізіліп, асфальттау жұмыстарының бірінші қабатын төсеу барысы қадағаланды.
Айта кетейік, «Жұлдыз» тұрғын алабындағы өзекті мәселенің бірі -27 көпқабатты үйге былтырғы жылы орталықтандырылған кәріз құбыры тартылған болатын. Қазіргі уақытта магистралды құбырға тұрғын үйлерді қосу бойынша абоненттеу жұмыстары да қатар жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі