Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, алғашқы жұмыс күнін жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, күні кеше ғана мемлекет басшысының жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қалалық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысып, қала әкімі лауазымына Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбековтің кандидатураларын таныстырған болатын. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тиісті хатын оқып. Ашық дауыс беру нәтижесінде 10 депутат Рашид Мыңбаевқа дауыс беріп, 19 депутат Ғабит Сыздықбековтің кандидатурасын қолдады. Жиналысқа барлығы 29 депутат қатысқан болатын.

«Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды.

Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға күш салып, талап-тілектер бойынша қабылданатын шешімдерді назарға алатынын жеткізді. Жауаптыларға азаматтар тарапынан түскен бірде-бір арыз-шағымды ескерусіз қалдырмай, әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты мәселелерді тиімді, шұғыл шешуді тапсырды.

Сонымен қатар қабылдау барысында халыққа тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың ережелері мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.