Сарыағаш ауданынада «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында, Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 5 қабатты 45 пәтерлі 13 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыстарының қарқыны жақсы.
10 гектар жерге орналасқан нысандардың барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Оған облыстық бюджеттен 5 млрд теңге қаржы бөлінген. Құрылысы өткен жылы басталған баспаналар алдағы тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Ол кезде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, асыраушысынан айырылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар, соғыс ардагерлері мен бюджеттік сала қызметкерлері баспаналы болады. Әрбір 5 қабатты тұрғын үйде 45 пәтерден бар.
Жалпы, 2017-2018 жылдар аралығында Сарыағаш қаласы Самал-3 мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйлерге табиғи газ құбырлары жүргізіліп, тұрғын үйге дейін табиғи газ берілген. Бүгінгі таңда үйлерге табиғи газ қосу үшін бірқатар тұрғын үйлердің тиісті құжаттары болмауына байланысты аудан әкімі Қ.Абдуалиев тиісті бөлім басшыларымен, аудандық газ шаруашылығы мекемесімен Самал-3 мөлтек ауданының тұрғындарына үйлерді құжаттандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта Самал-3 мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерді құжаттандыру мәселесі аудан басшысының тікелей бақылауында болатынын ескертті.