Көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының назарына!

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты 283 тұрғын үйдің 175-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесе және аудан аумағындағы 7 сервистік қызмет көрсетуші мекемелерімен арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Көпқабатты 175 тұрғын үйдің 105-іне сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақыта қысқы жылу маусымына дайындық көрсеткіші 60% құрап отыр.

Қала тұрғындарына алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын сервистік компаниялармен келісім-шарт түзу арқылы іске асыруды немесе өз күштеріңізбен жүргізу керектігін ескертеді.

Еңбекші ауданында 7 сервистік компания 64 тұрғын үйге қызмет көрсетуде.

Олар:

«Теплокомсервис» ЖШС -ы (16 шағын ауданы, тел: 8-702-655-05-82),

«Нұр-Арыстан» ЖШС -ы (Түркістан көшесі №314, тел: 8-701-727-45-47),

ЖК «Шоманбаев» (Ш.Уәлиханов көшесі №213А, тел: 8-705-483-85-54),

ЖК «Аскар» (Елшібек батыр көшесі №114, тел: 8-705-885-77-30),

«Kaz construction service-2020» ЖШС,

«NUR-D» ЖШС (Кожанов көшесі №1/10, тел: 8-708-478-60-38; 8-778-526-80-20),

ЖК «МолИз» (Академгородок №61, тел: 8-701-728-56-98

Сонымен қатар туындаған мәселелер мен қосымша ақпарат үшін Еңбекші ауданы әкімінің аппараты байланыс номері: 8 /7252/ 53-27-43; «WhatsApp» арқылы: 8-708-326-10-58 номеріне хабарласа аласыз.

Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін алдын-ала тексеруді, жөндеу жұмыстарын жүргізуді және сығымдаудан өткізуді сұраймыз. Сығымдау актісі болмаған жағдайда жылу берілмейтіндігін ескертеміз!

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.