Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6%) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.
Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және
53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделді.
Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Одан бөлек «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Биыл 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 38 көше асфальтталып, 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.
Сонымен қатар «Исфиджап» тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. 2027 жылға дейін жаңа құрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы қанағаттанарлық жол үлесі 100%-ға жеткізу көрсеткіші жүзеге аспақ.
Ауданда ұзындығы 613,17км. құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер орналасқан.
Аудан бойынша жолдарға жөндеу жұмыстарын қажет ететін шағынаудандар мен тұрғын алаптарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тұрақты түрде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныстар жолданады. Нәтижесінде 2019 жылы 167,8 млн. теңге қаржы бөлініп, 8,74 шқ асфальттау жұмыстары жүргізілді. (Рысқұлбеков, Нысанбайұлы, Момышұлы, Жұманұлы, Көктал, Ягодная, Қалмырзаев, Данов, Шапағат, Халықтар достығы, Майбұлақ, Тленшин көшелері).
— Бадам шағынауданындағы 9 көшеге және «Оңтүстік» шағынауданындағы Еламан көшесіне ЖСҚ-ға сәйкес құрылыс құны 366 млн. теңге құрайды, 2019 жылы 50 млн. теңге бөлініп, Сарыарқа, Жаңару Үшқұдық, Үшқұдық-2, Керемет, Өнеге көшелерінде асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Нысан 2020 жылға өтпелі.
— Базарқақпа тұрғын алабында Абдуллабад және Ю.Сареми көшелері Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс құны 1 724 млн. тенге. Нысан 2020 жылға өтпелі.
-Сонымен қатар, аудан аумағында 26,4 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі