Бүгінгі таңда №35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы Арғымақ шағынауданына дейін ұзартылды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов осыдан бір ай бұрын газдандырылған елдімекенге арнайы барып, тұрғындармен кездескен болатын. Жергілікті азаматтар Мұрат Дүйсенбекұлынан шағынауданға автобус бағытын ұйымдастыруға ықпал етуді сұраған болатын. Халықтың талап-тілегін ескерген қала әкімі аталған автобус бағытын Арғымаққа дейін 5 шақырымға ұзарту бойынша тапсырма берді.
Қазір № 35 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы әкім тапсырмасына сай ұзартылып, бағытқа қосымша 2 автобус қосылды. Аталған маршрут 11 шағынаудан аралығын қамтиды.
Абай ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1973 жылдың 10 сәуірінде құрылып, 1996 жылы таратылған. 2004 жылы қайта қалпына келтірілген. Жер аумағы — 497,04 км². Халық саны — 345 761 адам.
Шымкент қаласы Абай ауданы шекарасы, қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік — аумақтық құрылымы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары және Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қалалық мәслихатының 22.10.2004 ж. №11/108-3е және 21.10.2004 ж. №3180 санды шешімдерімен құрылған.
Абай ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан және 49 704 га жерді алып жатыр.
Абай ауданының аумағы 49 704 гектар, халық саны 322 911 адамды құрайды. Аудан аумағында 34 шағын аудандар мен елді мекендер орналасқан.
2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы жарияланды. Аталған жолдауда Президентіміз еліміздің дамуының 5 негізгі бағытын (тұжырымдамасын) анықтап берді.
Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі