Ғ.ПАЗИЛОВ, «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD:
–Баршамызға белгілі өткен жылдарынде елімізде ауқымды саяси реформалар жүргізілді. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум, Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы, кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті.
Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты.
Биылғы Жолдауда қарастырған негізгі басым бағыттардың бірі – елімізді инновациялық жолмен дамыту. Осы мақсатта бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, технопарк, құрастыру бюросы сияқты инновациялық инфрақұрылымдар құруға қатысты жеке бастамаларға сөз жүзінде емес, нақты іспен қолдау көрсететін пәрменді шаралар керектігін атап өтті.
Қазіргі уақытта көптеген елдер экономикалық дамудың инновациялық жолын таңдауда. Өйткені тұтас елдің немесе аймақтың бәсекелестік артықшылығы оның инновациялық белсенділігінде болып отыр. Инновациялық белсенділік тек макро деңгейде ғана емес, микро деңгейде де бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін болады. Сәтті енгізілген инновация мемлекет үшін экономиканы дамытуға, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді. Ал кәсіпорын үшін жоғары табыс әкеледі және өз сегментінде көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
Дамыған елдердің тәжірибелеріне сәйкес, инновациялар негізінен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде пайда болады және іске асырылады. Сондықтанда отандық кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты арттырып, бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, технопарк, құрастыру бюросы сияқты инновациялық инфрақұрылымдарды жоғары оқу орындарының базасында қалыптастыру арқылы жүйелі жұмыстарды күшейту қажет. Бұл қатысушы тараптардың барлығы үшін де тиімді болады.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.