Түркістан облысында аудандарда егін ору науқаны басталып кетті. Гектар-гектар жерлерлерге егілген бидайлар мен жүгерілерін шарауалар техникалармен орып алуда.
Орақ науқанына байланысты іс-шара өткен болатын. Іс-шарансың барысында шаруаларға арналып арнайы далалық семинар ұйымдастырылды. Онда Қазақстандағы «Джон Дир» техникаларының ресми дистрибьюторы «Евразия групп Қазақстан» компаниясы шаруаларды осынау шетелдік техникалармен таныстырып, оларды қалай алуға болатындығы жөнінде кеңес берді. Дистрибьюторлық компанияның Түркістан облысы бойынша өкілі Б.Шолпанның айтуынша, «Джон Дир» тракторының өз құны 20 млн. теңге болса, шаруа 3 млн. теңге бастапқы жарнасын құйып, 7 жылға лизинг арқылы несиеге сатып алуына болады. Бұл жерде трактордың өзі кепіл мүлік ретінде қойылса, мемлекет осы техниканы алғаны үшін шаруаға 5 млн. теңге субсидия төлейді. Және де бұл тракторға 2 жыл кепілдік беріледі. Астық оратын «Джон Дир» комбайнын сатып алу ережесі де дәл осыған ұқсас. Айырмашылығы сандарда ғана. Мәселен, бұл комбайнның бағасы 44 млн. теңгені құраса, бастапқы жарнасына 6,5 млн. теңге талап етіледі, өз кезегінде кеткен шығынның 6 млн. теңгесін мемлекет субсидия ретінде бермек.
Өткен, семинар барысында фермерлерге «Джон Дир» комбайны астықты қалай оратыны, тракторы дискілі агрегатпен жерді қалай жыртатыны көрсетілді. Сонымен бірге, жиын барысында әлемдік бренд саналатын осынау шетелдік техниканың тиімді бағада және оңтүстіктің егістік алқаптарына лайықталып жасалған нұсқада Қазақстан нарығына еркін кіруіне облыс әкімі Ө.Шөкеевтің ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тұрған кезінде тікелей ықпал еткендігі туралы көп айтылды. Ендігі жерде шаруалар өңір басшысының «Джон Дир» техникасының 25 пайызға дейінгі құнын субсидиялау және құжаттарды ресімдеуді жеңілдетуге байланысты мәселелердің оңды шешілуіне күш салса екен деген ниеттерін білдіріп отыр.
Егіншілердің егіп отырған егіндерінің жемісін толық көрулеріне көптеген мүмкіндіктер бар. Күннің ыстығына қарамастан шаруалар комбайындармен егістіктерін орып алуда.