Шаһарда 2023-2024 жылдарға жылу беру маусымына дайындық жұмыстары толығымен аяқталған. Бұл туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мәлімдеді. Брифингте Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков, «Қуатжылуорталық-3» мекемесінің директорының міндетін атқарушы Нұрбек Орынбаев сұрақтарға жауап берді.
— Штаб құрамы бекітіліп, бүгінгі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілері мен инфрақұрылым жүйелерінің дайындық жұмыстары толық аяқталды. Қаланың 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциялары жылу беру маусымына дайын. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті және республикалық бюджеттен 13,2 км жылу желілерін жөндеуге 5,4 млрд теңге қаржы қаралды.Тұрғындар үйдің ішкі жылу жүйесіне қызмет көрсететін жеке сервистік мекемелермен келісім-шартқа тұрып, тозығы жеткен құбырларды ауыстыру және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу қажет.Сондай-ақ, жылу берілген үйдің пәтер иелері жоғарғы қабаттан немесе пәтер ішінен ауа шығару жұмыстарын жүргізу тұрғындардың міндетіне кіреді, — деді Н.Ергешбекұлы.
Сондай- ақ сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісім-шартқа тұрмаған көпқабатты тұрғын үй тұрғындары, жарамсыз құбырлар мен басқа да материалдарын қамтамасыз еткен жағдайда «Қуатжылуорталық-3» МКК-ны тиісті жұмыстарды атқаруға дайын екендігін атап өтті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда қаладағы 464 бюджеттік мекеме жылуға толық қосылған. Оның ішінде 251 білім мекемесі, 100 денсаулық сақтау мекемесі, 68 мәдениет, 29 спорт, 16 жұмыспен қамту мекемелері жылумен қамтылған.
«Шымкент келбеті»