Қаламызда жылына 200 мыңнан астам ойыншық өнімдері өндіріледі. Бүгінде бұл бағытта үш кәсіпорын іске қосылған.

Өндіретін өнім көлемі бойынша ауқымдысы – «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан пластикалық ойыншықтар шығаратын кәсіпорын. 2016 жылы қолға алынған 33,5 млн. теңгені құрайтын инвестициялық жоба әртүрлі типтегі ойыншықтар шығаруға бағытталған. Қазір мұнда 10 адам тұрақты жұмыс істейді. Зауыттан жылына 150 мыңнан астам пластикалық ойыншықтар шығарылуда.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Зауыт иелеріне инфрақұрылыммен қамтылған жер телімі берілді. Жергілікті өндіріс орны былтыр «Халыққа арналған ең жақсы тауар» номинациясын иеленген болатын. Бүгінгі таңда кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Алдағы уақытта кәсіпкерлер қытайлық әріптестерімен бірлесе жаңа бағыттарды іске қосуды жоспарлауда. Зауытта автоматтандырылған құрылғылардың көмегімен жұмсақ ойыншықтар шығарыла бастайды.

Сондай-ақ “Baby plast”, “Сайрам Пласт” кәсіпорындары да тапсырыспен ойыншық өнімдерін шығаруда. Қазір қала аумағында өндірілген балалар ойыншықтары Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен еліміздің барлық қалаларына сатылуда.

Айта кету керек, «Оңтүстік» индустриалды аймағы 2010 жылы «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту» жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында құрылды. Жер көлемі – 337 гектар. Жалпы жоба құны 101,4 млрд теңгені құрайтын 96 жобаны іске асыру жоспарланып, 3 064 адамды жұмыспен қамту көзделген. Ашылған мерзімнен осы уақытқа дейін инвестиция көлемі 89,2 млрд теңгені құрайтын 76 жоба жолға қойылып, 2 648 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал бүгінде жалпы құны 12,2 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүргізілуде. Нәтижесінде, 416 жұмыс орны ашылады. Аталған аймақ 2010 жылдан 2023 жылдың 1-тоқсанына дейін «Оңтүстік» қатысушы кәсіпорындары өндірген тауар айналымы 452,3 млрд теңгені құрап, өнімнің экспорт көлемі 100,8 млрд теңгеге жетті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.