«2021-2025 жылдарға арналаған ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге 8 пайыздық жеңілдетілген несие бес жылға дейін беріледі. Несиенің ең жоғарғы мөлшері 3 млрд. теңгені құрайды. Банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау жүргізеді. Оң шешім бойынша «Даму» қорына өтінімімен жолданады. Қор оң шешім қабылдаса, кәсіпкер мен банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісім шарт түзіледі. Кәсіпкер банктен 21,75 пайызбен кредит алады, ал оның 13,75 пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялайды.
«Даму» Қорының Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуде 20 жылдық тәжірибесі бар. 2010 жылға дейін «Даму» Қорының бағдарламаларының қатысушыларының көпшілік бөлігі екінші деңгей банктерінде қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларының шеңберінде қаржылық қолдау алған. Қаражаттарды шартталған орналастыру бағдарламаларын іске асыру шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің несиелері бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерінің жалпы деңгейін төмендетуде маңызды орын алды.
«Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету.
аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру, кішігірім кредиттеу ұйымдары арқылы кішігірім кредиттеу;
субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;
кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру.
Сондай-ақ, «Даму» Қорының аймақтық филиалдарының негізінде тарту менеджерлері «Даму» Қорының барлық қаржылық бағдарламалары бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынады.
2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске қосудың арқасында «Даму» Қоры арқылы кәсіпкерлікке қолдау көрсету құралдарының спектрі елеулі кеңи түсті. Соның ішінде, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру басталды, сондай-ақ шағын және орта бизнеске кеңес беріп қолдау және оқыту бағдарламаларын ауқымды іске асыру бастау алды.
Сонымен қатар жобаның екінші бағыты – ішінара кепілдендіру. Кепілдендіру – әрбір кәсіпкер несие алған кезде кепілдік заттары жетпеген жағдайда жаңадан өз кәсібін бастаған кәсіпкерлерге «Даму» қоры 360 млн. теңгеге дейін кепіл бола алады. Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 1 млрд. теңгеге дейін кепілдік береді. Бұл бизнес өкілдеріне зор мүмкіндік.
Бұдан өзге, ұлттық жоба шеңберінде шағын кәсіпкерлікке жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант ұсынады. Грант қаражаты 5 млн. теңгеге дейін. Ол үшін кәсіпкер өзінің бизнес жоспарын әзірлейді. Негізігі талап – инновациялық жоба ұсыну. Айта кетейік, грантқа конкурс жылына 2 рет өткізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі