Аптап ыстықта қианылып қалған Арыс қаласының тұрғындарына көмектер, халықта аяққа тұрғызу күшейтілмек. Қаладағы 4-ші сектордың ашық ауласында арнайы брифинг өткен болатын. Министрлік пен әкімдік өкілдері соңғы күндері атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бұзылатын үйлердің бастапқыдағы 27-ден 149-ға дейін атап өтті. Жұмыстар барсында арнайы мамандардың тексеруінің жүріп жатқанына байланыста, тағы да бұзылған баспаналар көбеюі мүмкін. Рахимбаев Айдын басқаратын компания 100 млн теңге бөліп, ең қиын секторды жөндеуге кірісті. Негізгі облыстар шілде айының соңына дейін құрылысты толық бітіруге ниетті.
Арыс қаласыны тұрғындарына берілетін 100 мың теңгеге құжат қабылдау аяқталуға жақын. Жалпы, Арыспен бірге Ақдала, Қожатоғай, Дермене ауылын қоса есептегенде 55 602 тұрғын есепке алынып, оларға 5,6 млрд теңге өтемақы төленеді. Бұл төлемақы 25 шілдеден басталады. Облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков мұнымен бірге 1300 баланың басқа облыстарға лагерьге, 400 ардагердің демалыс үйлеріне аттанғанын жеткізді. Сонымен бірге xалықпен кеңесіп, жұмыс жүргізетін 800-ге жуық белсенді қызу жұмыс жасап жүр.
Түркістан облысының клиникалық ауруxанының бас дәрігері Марат Пашимовтың айтуынша емделуге түскен 65 тұрғын сауығып, отбасыларына оралған. Тағы 3 тұрғын емханада дәрігерлер бақылауында қалды.