2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумдарға қол қойылды.
Әлемдік бизнестің және қаржы секторының өкілдерін жинаған іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысты.
Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жалпы сомасы 662 млн АҚШ долларға екі шетелдік компаниямен меморандумға қол қойды.
Біріншісі, Түркияның ірі компаниясы «Alarko Holding» қала аумағында жаңа форматтағы жылыжай кешенін салу. 650 млн АҚШ доллар сомасына жүзеге асырылатын инвестициялық жоба кезең-кезеңмен жалпы 500 га аумақта 5 мың жаңа жұмыс орнын құруды, жаңа технологияларды енгізу арқылы азық-түлік қауіпсіздігі мен жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.
Alarko Holding — Ыстанбұлдағы ең ірі холдингтік компаниялардың бірі. 1972 жылы Исхак Алатон мен Үзейир Гарих негізін қалаған. Инфрақұрылымдық құрылысэнергетикақаржыжылжымайтын мүлікжеңіл өнеркәсіп және туризм салаларында жұмыс істейді.

Оны 1954 жылы Исхак Алатон мен Үзейир Гарих Ыстанбұлдағы «Banks Caddesi Vefai Han» компаниясында ұжымдық компания ретінде құрды. Алғашқы жылдары негізгі қызмет түрі жылыту, ауа баптау және салқындату болды. Ол 1973 жылы холдинг болып, 1974 жылы акцияларға шықты. 1997 жылы холдинг құрамында құрылған Alarko Real Estate Investment Trust ISE-де сатылатын алғашқы REIT компаниясы. 1998 жылы холдингтің өнеркәсіптік тобы әлемдегі ең ірі кондиционерлеуші ​​компаниялардың бірі Carrier-пен тең құқылы серіктес болды.

2014 жылғы жағдай бойынша компания мердігерлік, энергетика, өнеркәсіп, туризм, аквамәдениет және жылжымайтын мүлік салаларында жұмыс істейді. Сонымен қатар, холдинг аясындағы әлеуметтік жауапкершілік жобаларына қатысу үшін 1986 жылы Alarko Education Culture Foundation (ALEV) құрылды.

Екіншісі, «IŞIKLAR PACKAGING Ltd.» түрік компаниясы «крафт-ролл» қағазын шығаратын зауытын салу. Жобаның құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Екі жоба да тұрақты өңірлік өсуге, инвестициялар тартып, қала экономикасының дамуына және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.