Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрмановтың қатысуымен 2021-2025 жылдарға арналған бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және өңірлік инвестицияларды ұлғайту төңірегінде өткен баспасөз конференцияда мәлім болды.
Баспасөз мәжілісінде спикер кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламалар және өңірдің инвестициялық ахуалына толық тоқталып өтті.
«2021-2025 жылдарға арналаған ұлттық жоба шеңберінде пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау – кіші және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналаған бағдарлама. Кәсіпкер үшін 8 пайыздық жеңілдетілген несие бес жылға дейін беріледі. Аталған субсидия экономиканы жоғарылатуға арналған салаларға басымдық береді. Несиенің ең жоғарғы мөлшері 3 млрд. теңгені құрайды. Осы ретте, кәсіпкер субсидиялау механизімі аясында өтінім беру арқылы банкке жүгінеді. Ал банк жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау жүргізеді. Одан кейін банк оң шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерге несие ұсыну бойынша хабарлама жолдайды. Кәсіпкер банк қарастырған оң шешім бойынша «Даму» қорына өтінімімен жүгіне алады. Аталған қор оң шешім қабылдаса, кәсіпкер мен банк арасында субсидия ұсыну бойынша үш жақты келісім шарт түзіледі. Кәсіпкер банктен 21,75 пайызбен кредит алады, ал оның 13,75 пайызын «Даму» қоры арқылы субсидиялайды», — деді басқарма басшысының орынбасары.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы