Түркістан облысы, Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы ішкі көшелердің басым бөлігі орта жөндеуден өтетін болады. Біраз жылдан бері жөндеусіз қалған Абай ауылындағы көшелер саны – 109. Жалпы ұзындығы – 73 шақырым екен. Жоспарланған көшелердің жөнделу жұмыстары сапалы жасалынуы да тексерілмек.

Есепті мерзім ішінде «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен орта жөндеуден өткізілуі белгіленген 23 көшенің сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі үшін облыстық қаржы басқармасы тарапынан тиісті қаржы қаралып отыр. Атап айтсақ жалпы аудан орталығындағы А.Мамытбекұлы көшесі асфальт, көше жарығы және суағар орнатылса, Д.Қонаев көшесіне суағар және көше жарығы орнатылады. Дәл сол сияқты Т.Рысқұлов көшесіне де орта жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ауылдың басым көпшілік көшелері асфальтталатын болады.

Бүгінгі таңда ауыл аумағындағы Жамбыл, Асан қайғы, Б.Қырғызалиев, Т.Рысқұлов, Д.Қонаев, Ә.Сатбаев көшелері бойларына жол бөлу сызықтары сызылып, бірқатар көшелердің білім беру, әлеуметтік мекемелері орналасқан тұстарына тиісті жол белгілері орнатылды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.