Жылу энергиясын өндіру қызметіне бекітілген инвестициялық бағдарлама негізгі құралдарды күрделі жөндеуге бағытталған іс-шараларды көздейді, бұл негізгі құралдардың тозуын 60,7 %-дан 57,7%-ға немесе 3,02%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
–Департамент 2023 жылғы 7 тамызда тұтынушылардың, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жария тыңдауларда айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, монополист субъектінің өтінімін мұқият қарап, 2023-2026 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру қызметінің тарифтері 2023 жылғы 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізе отырып бекіту туралы шешім қабылдады, – дейді Айсұлу Қуанышбекқызы.
Сонымен жылу энергиясының 2023 жылға орташа босату тарифі 5,03%-ға өсіре отырып, 4 785,74 теңге/Гкал болып белгіленген.
Монополист компания өкілдерінің хабарлауынша, инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдағы жылыту маусымында қаланы сапалы және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биылға 2 қазандық, 1 турбоагрегатты күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған болса, бүгінде 2 қазандықта жұмыстар толық аяқталған.
Айта кетейік, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ының да инвестициялық бағдарламасы қабылдаған. Соған сәйкес, биыл 76,712 шақырым газ құбырын қайта жаңарту көзделген. Оның ішінде 30,389 шақырымы жер астымен жүргізілетін полиэтилен құбыры болса, қалған 46,322 шақырымы жер үстімен жүргізілетін болат құбырлар. Бүгінде полиэтилен құбырлардың 16,041 шақырымы, ал, болат құбырдың 27,139 шақырымы жүргізілген. Сонымен қатар газ қысымын төмендетуге арналған 167 газ реттеу пункттері орнатылады.
«Шымкент келбеті»