Қазіргі таңда Шымкент қаласында сәйкестікті растау саласында аккредиттелген 2 сәйкестікті растау органы («Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ОҚФ – тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, ауылшаруашылық өнімдері, мұнай өнімдері, химиялық, парфюмериялық, гигиеналық өнімдер, халық тұтынатын тауарлар, зергерлік бұйымдар, «Туран Бизнес Групп» ЖШС – тамақ өнімдері, ауылшарушылық тамақ өнімдері, 81 сынақ зертханасы, 17 салыстырып тексеру зертханасы, 3 калибрлеу зертханасы, 4 медициналық зертхана жұмысын атқаруда.
Яғни, жалпы саны 107-ні құрайтын бұл мекемелер, барлығы мемлекеттік емес, аккредиттелген органдар тізіміне енеді және ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығынан тиісті аттестат алған ұйымдар болып табылады.
Сәйкестікті растау бойынша аккредиттеу саласы бойынша заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер негізінде 6 бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде бақылау субъектілерінің 4-еуінен заңбұзушылықтар анықталып, оларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сонымен қатар, 1 бақылау субъектісіне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 415-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Зертхананың аккредиттеу аттестаты мен салыстырып тексерушінің сертификатын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 90 АЕК айыппұл салу туралы Қаулы қабылданып, қазіргі уақытта іс соттың қарауына өтті.