Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы айтты.
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының аумағында ағымдағы жылдың 13-17 қараша аралығында «ЖАТАҚХАНА» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараға ішкі істер органдары, газтехникалық инспекция, аудан әкімдіктері, «ҚазТрансГаз» АҚ мамандары мен волонтерлік ұйымдар жұмылдырылды», — деді спикер.
Бүгінде аудан әкімдіктерінің берген ресми мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында 29 жатақхана орналасқан.
Атап айтқанда: Абай – 2, Әл-Фараби – 8, Еңбекші – 9, Тұран – 8, Қаратау – 2.
Мүлік иелерінің бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктің құрылмауына байлынысты жатақханаларға өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізілмеген. Бүгінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 29 кездесу ұйымдастырылып, 1500-ге жуық тұрғынға электр жабдықтарды, жылыту пештері мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы және өрт туындаған жағдайда іс-әрекет алгоритмі түсіндіріліп, жадынама парақтары таратылды. Әлеуметтік осал топқа жататын 15 отбасының тұрғын үйіне газ дабылқаққыш қондырғысы орнатылды.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық