Қазір Қытай астанасы Бейжіңде ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасындағы Қазақстанның туризм жылының ашылуы аясында форум өтіп жатыр.
Еске сала кетейік,Шымкент пен Қытай арасындағы жан-жақты ынтымақтастық нығайып, екі ел арасында алтын көпір салынған болатын 2023 жылы. Сонымен қатар , Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында шымкенттік делегаттар іскерлік кездесулер өткізген болатын өткен жылы. Іс-сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған «өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға сәйкес, тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу болатын.
Іскерлік шара аясында еліміздің әрбір өңірі қытайлық туроператорларға, көрме ұйымдастырушыларына және кәсіпкерлеріне өзінің туристік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін ұсынылды деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Форумда Шымкент қаласының стенді ұлттық нақышта безендірілді. Қонақжайлық дәстүрі көрсетіліп, келушілерге қазақтың ұлттық тағамдары – қазы, бауырсақ, наурыз көже ұсынылды.
Стендтің құрметті қонақтарының бірі Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев болды.
Форумның панельдік отырысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов баяндама жасап, тарихи ескерткіштер мен көрікті жерлер, қолайлы климат пен қонақжайлылық сияқты мегаполистің туристік артықшылықтарын атап өтті.
Инвестициялық әлеуетке келетін болсақ, қалада инвесторлар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сәуір-мамыр айларында Шымкентке Қытайдан туроператорлар делегациясы келіп, қаланың инфрақұрылымымен танысатын болады.
Еске салайық, Қытайдағы Қазақстанның Туризм жылы деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапары барысында жарияланған болатын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі