Шымкент қаласы «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» концерт залында Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «65 – болашағы жарқын әлем» тақырыбында есеп беру концерті өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының Білім басқармасының басшылары, еңбек және қоғам қайраткерлері, мектеп-гимназияның құрметті демалысқа шыққан зейнеткер педагогтары, қаладағы білім беру ұйымдарының бірінші басшылары және мектеп түлектері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты- Педагогтер мен білім алушылардың 2023-2024 оқу жылында атқарған қосымша білім беру жұмыстарын қорытындылау, білім алушылардың академиялық және шығармашылық жетістіктерін көрсету, оқушылардың өнерге, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру, музыкалық қабілеттерін, хореографиялық талантын шыңдау, жастардың бойында жауапкершілік, ынтымақтастық, патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерін арттыру, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.

Концерттік бағдарламада бойыша «Атамұра», «Мұрагер» ұлт аспаптар оркестрі, Халықаралық, республикалық би байқауларының жеңімпаздары «АрмандаStar» үлгілі би ансамблі, «Қазақстан дауысы, балалар» телевизиялық жобасының қатысушылары, Ұлттық «Бала дауысы» байқауының лауреаттары, «Азия таланттары» Халықаралық өнер байқауының «Бас жүлде» иегерлері «New Stars» квартеттері өнер көрсетті.
Салтанатты жиынға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.