Препарат құрамы 2-фтор, F химиялық түріндегі фтор-18 бар натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі болып табылады. Фтор-18 радионуклидінің ыдырау мерзімі 109 минутты құрайды. Бұл препарат ПЭТ/КТ көмегімен диагностикалық зерттеу ретінде әртүрлі нозологиялық нысандар мен локализациядағы қатерлі ісіктерді дифференциалды диагностикалау, қатерлі ісіктердің таралуы мен сатысын анықтау, ісіктерді емдеудің тиімділігін бағалау үшін қолданылады.
Қатерлі ісікке қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында қарастырылған осындай ем шаралардың нәтижесінде бүгінде науқастар өмірі айтарлықтай ұзаруда.
РФП осыған дейін арнайы жабдықталған көлік құралы арқылы Алматы қаласындағы Ядролық физика институтынан ұзағымен 2 сағат ішінде жеткізілетіндіктен, қуаттылығы төмендеп, аз науқасқа ғана жететін. Себебі бұл препарат 109 минут сайын жартылай күшін жоғалтады. Ал әуе жолымен тасымалдау арқасында жолға небәрі 2 – 3 сағат жұмсалатындықтан, көп науқасты қамтуға мүмкіндік туады.
Күні ертең қаламызға әуе жолы арқылы сынақ ретінде РФП орнына сұйықтық жеткізіледі. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар үшін маңызды препараттың мұндай жолмен жеткізілуі тиімділігін көрсеткеннен кейін сұранысқа орай препараттардың қажетті көлемі жеткізіліп отырады.