Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының және Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Жас зерттеушілердің білім саласындағы IT-технологияларды пайдаланудағы өзекті мәселелері» тақырыбындағы қалалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты: инновациялық жобаларды қолдау негізінде «START-UP» жобаларын жүзеге асыру. Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту, инновациялық идеяларды жүзеге асыру.
Қалалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына 25 жоба тіркелді. Оның ішінде 18 жоба ережеге сәйкес конференцияда қорғалып, қатысушылар жүлделі орындармен, түрлі номинациялармен марапатталды.
Жүлделі орын иегерлері:
Бас жүлде- ДСБШЖҚ «Жоғары медицина колледжі», 3 – курс студенті Шыңғысбаева Аружан Бекзатқызы, Тақырыбы: «Анатомия пәнінен асқорыту жүйесін оқытуда электронды кітапшаны пайдалану және оның тиімділігі»;
І орын- «Жол-көлік колледжі» МКҚК, 4-курс студенті Полещук Артем Владимирович, Тақырыбы: «Особенность подвески «макферсон» и способы ее ремонта»;
ІІ орын- «Политехникалық колледжі» МКҚК, 1-курс студенті Рязанов Максим Владимирович, Тақырыбы: «ІТ – Технология в помощь преподавателю русской литературы»;
ІІІ орын- «Политехникалық колледжі» МКҚК, 3-курс студенті Ерасыл Рустем Сакенұлы, Тақырыбы: «Жасанды интелектті пайдаланып, бағдарламалау тілдеріне шолу»;
Қалған қатысушылар түрлі номинациялар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, «Shymkent IT HUB» регионалдық менеджері Тимур Нұржанұлы Козыкеев алты жеңімпазға ІТ-технология бойынша Shymkent ІТ HUB, «Astana hub-ның» оқыту курстарына тегін сертификаттарын сыйлады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.