Ресей Федерациясының Иреклі су қоймасынан жіберілген тасқын суы еліміздің аумағы арқылы өтіп жатыр. Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі — 855 см. Өңірде су тасқыны жалғасуда.
«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқаруда. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналып жатыр. Қазір су қоймаларында 226 миллион текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 87%-ы.
«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалы Ресейден келген 30 млн текше метр тасқын суын облыстағы Қамыс-Самар көлдеріне жіберді.
Бұдан бөлек, «Қазсушар» мамандары тасқын суын соңғы жылдары құрғай бастаған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына жіберуге ниетті.
Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Астана контрреттегішінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,75 млн текше метр су жіберіледі.
Өңірде «Альва» және «Кеңбидайық» лиманды суару жүйелері 100%-ға толды. Сондай-ақ, Целиноград ауданының Қозыкөш, Мұқыр және Қарасу өзендерінің арналары суға толды. Қорғалыжын қорығының Теңіз көліне 1,5 млрд текше метр су жіберілді.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда. Сергеев су қоймасы бөгетінің жотасы арқылы судың асып кету биіктігі 270 сантиметрге дейін төмендеді. Аймақтағы жағдай шиеленісті болып қала береді.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 82%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 50%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберіліп жатыр. Ертіс каскадының су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді.
10 сәуірден бастап Ертіс өзенінің су қоймалары каскадынан табиғат қорғау іс-шараларына су жіберіледі. Бұл Павлодар облысын ауылшаруашылығына қажет жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы су қоймаларынан 6,3 млрд текше метр су жіберу жоспарлануда.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы. Олардың барлығы да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.