ТҮРКІСТАННЫҢ ерекше шипалы суы жайлы көпшілік жақсы біледі.
Дерке дауа, жанға жайлы шипалы су көптеген науқастарға ем болып табылады.
Бүгінгі кейіпкеріміз осы шипа суда жарты ғасырға жуық уақыт еңбек еткен мейірбике
САЛТАНАТ апай жайлы болмақ.
Түркістан облысында туризмді дамытудың қолға алынған үш бағытының бірі — емдік-сауықтыру орындары. Емдік-сауықтыру туризмі дегеніміз – емдік шипажайлар. Осы ретте Түркістан қаласындағы ЖШС «Шипа Су» шипажайы жайлы қысқаша айта кетсек. Мұнда 48 жылдан бері тапжымай еңбек етіп келе жатқан мейірбике Ахметова Салтанат апайымыздың шыдамдылығы мен мейірімділігі барша жанға үлгі екені сөзсіз. Бүгінде апаймен қатар шипажайдың көптеген қызметкерлері сауықтыру бойынша түрлі қызметтер көрсетіп, шипалы судың адам ағзасына емдік процедураларын ұсынады.
«Шипажайда жер астынан шығатын емдік судың негізінде қолайлы бағамен сауықтыру процедуралары, сондай-ақ, жайлы бөлмелер және заманауи жабдықталған медициналық бөлімдер бар. Әр бөлмеде душ, теледидар, тоңазытқыш, ванна бөлмелері бар. Мұнда Атырау, Ақтау, Көкшетау т.б. қалалардан ниет етіп келіп емделіп жатқан адамдар бар.
Көпшіліктің айтуы бойынша бұл шипажай өздеріне жайлы, қабылдаған емнен соң жақсы болдық деп алғыстарын айтып жатады. Мен олармен бірдей қуанамын. Аулада емдеу, минералды су, жоғары санатты қызметкерлер, кең, таза бөлмелер, кондиционер, душ, бассейн бар. Шипажайда жақсы демалып, сапалы емделуге барлық жағдай жасалған. Білікті дәрігерлер мен көмекші медициналық қызметкерлер демалысты ұмытылмастай етеді. Осы шипажайда жұмыс істегеніме 50 жылға жуықтап қалды, қазір зейнетте болсам да келіп жұмысымды жалғастырып жүрмін. Мен бұл жерге әбден үйреніп қалғаным сонша, екінші үйімдей болып кетті» дейді шипажайдың ардагер қызметкері.
Мұндағы процедураларға тоқтала кетсек, 3 мезгіл су ішу, ванна қабылдау, парафин, тюбаж, электрофорез, светтік ванна, вибромассаж, вакуум массажы, циркулярлық душ, Нуга Бест, УВЧ, Дарсенваль, Кварц тубс, сондай-ақ ине терапиясы мен қол массажы да бар.
Шипажайда көрсетілген осыншама ем-домға, оны адамның қабылдауы үшін жылы қабағы мен жанашыр пейілін көрсетіп, зейнетке шықса да халықпен бірге еңбек етіп жүрген Салтанат апайымызға ұзақ өмір тілейміз.