Түркістан облысында мемлекеттен бөлінетін қаржыдан тыс, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында, «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленіп, жоба аясында қарқынды жұмыстар атқарылып келеді.
Бүгінде анықталған отбасының әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы жетекші мамандар тағайындалып, демеушілер есебінен олардың жағдайын қанағаттанарлық деңгейге жеткенше көмек көрсету көзделген.
2022-2023 жылдар аралығында аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 4,5 мың отбасы 1,4 млрд.теңге көлемінде демеушілік көмекпен қамтамасыз етілді, оның ішінде баспанасыз жүрген 109 отбасы, тұрғын үймен қамтылды.
Бұл бағдарлама 2020 жылдың қаңтар айында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, заңнамада көрсетілген талаптарға сай келмей, мемлекеттен көмек ала алмай жүрген, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейінен шығуға ұмтылдыру мақсатында әзірленген болатын.
Айта кетсек, биылғы жылдың 1 маусымында «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жоспарланған өмірлік қиын жағдайға тап болған 577 отбасыға демеушілер тарапынан 70 млн. теңгеге көмек ұйымдастырылып отыр. Бүгінде бағдарламамен 8 отбасы тұрғын үймен қамтылған.