Жылқы – дәстүрлі қазақы ортада төрт түліктің төресі деп ерекше қастерленген түрі. Көшпелі түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігінде жылқы малының маңызы өте зор болды.
Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Соның ізі адам мен жылқының қатар өмір сүре бастаған байырғы заманнан байқалады. Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болып саналады.
Жылқышылар жайлы сөз бастағанда Түркістандық жылқышы Төребек Аманқуловтың есімі аталып жатады.
Төребек Аманқұлов Түркістанның тумасы, бүкіл саналы ғұмырын жылқы бағып, баптау ең өткізген жан.
Қазақтың біртуар данышпаны Д. А. Қонаевқа ат міндіріп, сол кісінің құрметіне бөленген еді.
Д. А. Қонаев Түркістанға келгенде ең алдымен еңбек адамдардын іздеп, олармен кездесіп, олардың еңбегін бағалаушы еді.
Төребек көкеміз бен Майшай Абенова апамыз замандас, құрдас болып сыйлас атын.
Бірі механизатор болып танылса, бірі жылқышы еді.
Түркістан тарихында есімдері алтын әріппен жазылған осы екі еңбек озаттарына ел басшылары да құрметпен қарап, еңбектерің елеп, жоғарғы марапаттар ұсынғанын жақсы білеміз.
Төребек Аманқулов алты ұл мен екі қыздың әкесі еді.
Оның ұлдары Еркінбек пен Алтынбек әкесімен бірге жастайынан жылқы бағу ісімен айналысып, қазіргі күнде ата кәсібі жалғастырып келеді.
Жазда жайлау да, қыста қорада жылқылардың ең төресі баптап, кәсіптері дөңгелетіп отыр.
Еркінбекқызы Аманқулов жеке кәсіпкер.
Ол Түркістан төңірегіндегі Шаға ауылында 50 гектар жерге ие. Шаруашылықтың адамы болғандықтан еңбегін жерге арнап, жаз бойы шөп өсіріп, жылқылардың азығын дайындайды.
Түркістан қаласына еңбегі сіңген азамат, бірнеше төсбелгілер иегері.
Туылған нан жылқылардың арасында өскен Ерекең бұл күндері жылқы жануарының қыр — сырдың толық меңгерген маман болып етілген.
Әкесі Төребек ең үйренген іс — тәжірибесін қолдана отырып, жылқы бағу дың хас шебері болып етілген.
“Мен қорадағы жылқыларыма өз балаларыма көңіл бөлгендей, жақсы көріп қараймын. Жылқы асырау, оны баптау — менің ата кәсібі.
Жылқы да адам сияқты ауырады, оларға да көз тиіп, кірнеленеді.
Сондықтан оларға көп көңіл бөліп, науқас болса дер кезінде емдеу қажет.
Кейде жақсы пародалы жылқыларды адамдардан тасалау жерде ұстаймын. Оларды ауру сырқаудан аулақ ұстап, ерекше күтім жасаймын “-деп, жылқы баптау дың да өз қиындықтары бар екенін айтып өтеді.
Түркістанның жылқы шаруашылығына дамытуда ерен еңбек етіп келе жатқан Аманқуловтар отбасы осы кәсібі арқылы елге танымал жандар.
Қазіргі таңда Төребек көкеміз дің ұлдары ғана емес, немерелері же ата кәсібі жалғастыруда.