Түркістанда ерекше бір мейрамхана бар.
22 жылдан бері қалтықсыз халыққа қызмет етіп, қаншама қала қонақтарын жоғары дәрежеде күтіп алатын орын да осы «Эдем » қонақ үйі.
Асқан мәдениеттілікпен, сапалы қызметімен ерекшеленіп танылған » Эдем » мейрамханасын іскер кәсіпкер, Түркістан аналар кеңесінің белсенді басшыларының бірі Мухаббат Ибрагимова басқарып келеді.
Мухаббат Ибрагимова 1955 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Студенттік алтын дәуірін Ташкентте өткізіп, еңбек жолын да Ташкенттен бастаған. Кейіннен жолдасы екеуі Түркістанға қоныс аударып, өз кәсіптері дамытты.
Ол сол кездері — ақ Түркістанды көркейтуге үлес қосуға асығып, алғаш сән салонын ашқан жан.
Сондай — ақ дәмханада сервистік қызметті дамыта түсуге атсалысты. Көптеген жылдардан бері елге |қалтықсыз қызмет етіп, ерен еңбегімен ерекшеленген Мухаббат Ибрагимова “Түркістан қаласының құрметті азаматы “ атағына ие болды.
Жуырда қажылық сапарына барып, қажы ана аталған Мухаббат әпкеміз бүгін өз қуанышымен бөлісіп, шәйға шақырып, ақ батасын беріп қонақ етті.
Отбасылық қызмет үлгісін көрсетіп, ұл-қыздарын да осы кәсіпке баулыған анаға риза болып қайттық.
Мен үшін ең маңыздысы Мухаббат апайдың немерелері шахмат ойынын үздік меңгеріп, жуырда Алматыда өткен республикалық жарыста Сафия, төртінші орынға ие болды. Олар үздік оқушы және шахмат мектебінде дәріс алады.
Отбасы мүшелері барлығы бос уақыттарын шахмат ойынына арнайды.
Ниетіңіз қабыл болсын, зиярат құтты болсын.
Түркістанның қонақтары мен халқына қызмет көрсетудің озық үлгісін көрсетуден жалықпай, сау-саламат елдің кәдесіне жарай беріңіз.
Бүгінгі құрмет пен қошеметіңіз үшін Алла разы болсын.