Еліміздің түпкір-түпкірінен арыстықтарға көмек жеткізілуде.Арыстағы жарылысқа орай Орал облыстық орталық мешітінде арнайы топ «Арыспен біргеміз» атты жасақталды. Мақсаты — Арыстағы жарылыстан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созу. Ақжайық халқы да қайырымдылық ісіне белсенділік танытты. Мешіт ауласына жүк көлігі қойылып, қалың жұртшылық қолынан келген көмектерін аямады. Жүк көлігі қасиетті жұмадан кейін Арыс қаласына келіп жеткен болатын.
Еске салсақ, Арыстағы апаттан зардап шеккен арыстықтарға бүкіл қазақстандық қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна тұрмыстық заттар, азық-түлік, киім-кешек өзге де заттар жиналса, соның 400-ден астамы гуманитарлық көмек ретінде халыққа таратылды.
Облыстағы мешіт қызметкерлері бір күндік еңбекақысын арыстық бауырларымызға көмекке аударуға шешім қабылдады. Сонымен қатар жеке кәсіпкер мен мешіт жамағаттары азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетті.
Бұдан бөлек «Түркістан» әлеуметтік даму корпоротивтік қорына Арыс халқына арнап 1 млрд. 200 мыңнан астам қаржы жиналды.
Сондай-ақ, Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылды. Қоймадан тікелей көрсетілімді www.barlau.kz/company/tx/сайтынан көреуге болады.