«Таза Қазақстан» акциясы аясында Арыс қаласында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Тазалық жұмыстар қала әкімінің жіті бақылауында. Бүгінде Арыс қаласына кіреберісте орналасқан «Дендросаябаққа» жаңадан автоматты суғару жүйелері орнатылды. Аталған жұмыстарды «Kazakh Real Stroy» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды.
Алдымен мұнда арамшөптерді ору жұмыстары жүргізіліп, саябақ ішіне санитарлық тазалық жұмыстары атқырылды. Енді міне, автоматты суару жүйелері іске қосылды.
Аумағы 12 гектарды құрайтын әсем саябақ алдағы уақытта қала тұрғындарының саялы демалыс аумағына айналмақ.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.