Арыс ақылды қалаға айналмақ
Арыс қаласы өңіріміздегі ақылды қалалардың біріне айналмақ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен бүгін Арыс қаласында, цифрландыру мәселесі бойынша мәжіліс өткізген болатын. Облыстық Түркістан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Утебаевтың айтуынша, Арыс қаласын цифрландыру бойынша жұмыстары жүргізілмек.
Арыс қаласының 17 сектор бөлгі 3D картасы жуырда түсірілді. Картаға қаладағы тұрғын үйлер мен сол үйлерге тіркелген үй иелері туралы деректер кіргізілді. Оған қоса қалалық кадастрға енгізілмеген үйлер де анықталған. Осыған байланысты облыс әкімі барлық тұрғынды құжаттандыру жөнінде тапсырма берді.Осы карта арқылы Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты көмек көрсету жеңілдей түсті. Әр үйге дефектік акт тіркеліп, осы үйлердегі құрылыс жұмыстары, гуманитарлық көмектің жеткізілуі бақыланады. Қала тұрғындары бұл жұмыстарды онлайн режимде бақылап, кемшіліктер анықталса, тиісті орындарға хабар береді.Сонымен бірге жиында эвакуация кезінде құжаттарын жоғалтып алған тұрғындарға құжаттар тегін жасалатыны белгілі болды.Өмірзақ Шөкеев Арысты «ақылды қалаға» айналдыру бағытындағы жұмыстарды күшейту және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолға алу жөнінде нақты ұсыныстар қабылданды.