Түлкібас ауданында облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сенбілік өтті.
Іс-шараға аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ, кенттер мен дербес бөлімдерден құралған 25 мекеменің мамандары мен ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылар және басқарма қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ 15 дана күл-қоқыс шығаруға арналған арнайы техника жұмылдырылды.
Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков пен аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Жанесен әр мекемеге 10 шақырымнан астам жол бойын бөліп, шөп ору, қураған талдарды кесу және күл-қоқысты жинау сынды жұмыстардың сапалы орындалуын бақылады.
Сонымен қатар Машат шатқалында өткен сенбілікте спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сенбілікке қатысушылар «арқан тартыс», «нысана көздеу», «асық ату», «ләңгі тебу», «гир көтеруден» жарысты.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.