Қала әкімі Сиань мен Шымкент кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен сауда-экономикалық форумына қатысты.
Форум барысында Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасында екіжақты кездесулер өтті.
Шымкент бизнес-делегациясының құрамында денсаулық сақтау, IT, электр жабдықтарын өндіру, құрылыс материалдары, металлургия, тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану салаларындағы бизнес өкілдері бар.
Қатысушыларды құттықтай отырып, қала басшысы мұндай кездесулер сындарлы ынтымақтастыққа ықпал ететінін және екіжақты жаңа жобаларды іске асыру перспективаларына жол ашатынын атап өтті.
Сондай-ақ, ол инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған Шымкент қаласының инвестициялық әлеуеті туралы айтып берді.
Шымкентте жалпы ауданы 869 га болатын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді.
Бұдан басқа, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай химиясын, логистиканы дамыту мақсатында өңдеу өнеркәсібінде 2 098 га аумақта 7 қосымша өндірістік алаңды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ғабит Сыздықбеков қала әкімдігі Шымкент қаласында сауда қатынастарын орнату және инвестициялық жобаларды табысты іске асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсететінін атап өтті.
Форум мен екіжақты кездесулердің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, «Invest Shymkent» ЖШС мен «China-Kazakhstan Enterprises Alliance Committee group» арасында «KazFerroGroup» ЖШС мен «Shanxi Heynan New Metallurgical Equipment Co.» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.LTP » -» JT food Expert «ЖШС мен» Xi ‘ an gang Tong Tian Xia Dian zi Shang Wu You Xian Gong Si «арасында-қоғамдық тамақтану саласында бірлескен кәсіпорын құру туралы, сондай-ақ» KazBioTech «ЖШС мен» Alashankou city Haoyu Trading Co. Ltd » — өсімдік майын жеткізуге арналған келісімшарт жасалды.