26 маусым — Халықаралық есірткімен күрес күніне орай Психикалық денсаулық орталығында ашық есік күні өтті. Жиынға колледж студенттері мен қала тұрғындары келді. Қызығушылық танытқандар арнайы мамандардың қабылдауында болып, кеңес алды.
Жалпы елімізде синтетикалық есірткіні тұтыну деректері артқан. Соңғы 3 жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскен. Мұның себебін мамандар, синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болуынан деп түсірдіреді.
Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаевтың айтуы бойынша есіртіге тәуелділіктің бірден-бір себебі отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілмеуінен дейді мамандар.
— Профилактикалық сипаттағы шаралар кешені маңызды бағыт болып саналады. Жыл сайын елімізде 200 мыннан астам оқушылар мен студенттерді қамти отырып, 3,5 мыкнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жыл сайын нашақорлықтың жэне есірткі бизнесінің алдын алу мәселелері бойынша БАҚ өкілдерімен жұмыс жүргізеді. ПБ мен емдеу-профилактикалық медициналық мекемелердің бірігуімен аурулардың алдын алу мен салауатты емір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өтті. Бүкіл әлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күрессек, алынбас қамал жоқ,-дейді бас дәрігер.
Жиында студенттер дәріс тыңдаудан бөлек, емделіп тәуекелділіктен айрылған азаматтармен тілдесті. Олар өздерінің қателік жасағандарын, бұл қадамның дұрыс еместігін айтты мамандар.