Есірткі – қоғам дерті. Нашақорлық пен есірткінің зияны орасан. Бұл тұтас ұлттың тамырына балта шабатын, халықты қарусыз жоятын кеселдің бірі. Қазіргі қоғамның дертіне айналған нашақорлық пен есірткі саудасы тыйылмай тұр. Синтетикалық есірткіге тәуелді жасөспірімдердің көбеюі аталған мәселенің күн тәртібінде күйіп тұрғанын көрсетеді. Қылмыстың өтеуі – жаза.
Соған орай, есірткімен күрес бүгінде кез келген елді алаңдататын, ең өзекті, әлеуметтік мәселенің біріне айналды.
26- маусым халықаралық есірткіге қарсы күрес күні. Осыған орай қаламыздағы Арбат демалыс аймағында ауқымды іс-шара өтті. Қаланың жоғары оқу орындарының ерікті жастарынан жасақталған командалар “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз” атты ұранмен спорттық ойындар ұйымдастырды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу, есірткісіз қоғам құру мақсатында өткен жолдастық жарыс қызықты да, тартысты өтті. Жалынды жастардың спорт алаңында белсенділік танытуы көңіл қуантады. Ендеше оларға ешқандай есірткінің қаупі жоқ. Олар “Жасөспірім, салауатты өмір салтын ұстан спортпен шұғылдан, сымбатты бол! Өз мемлекетіңді, нашақарлықтан сақта, өз ұлтының санын өсір. Дүниеге дені сау ұрпақ әкел! Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік” деген ұранды ұстанған.
Шара эстрада жұлдыздарының коцертіне ұласты. Олар сахнада сөз сөйлеп, жастарды есірткі қылмысына қарсы күресте бірігуге шақырды.