Үкіметте Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысының 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі Қазақстан халқына Жолдауында қойған мақсаттарын іске асыру мәселелері қаралды. Қойылған міндеттерді орындау жұмыстарының барысы туралы «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Дидар Қарымсақов баяндады, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
«Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді. Осы кезеңде елімізде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 4,5%-ға дейін жеткізілді. Өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу деңгейі 25%-ға, тұтыну деңгейі 39%-ға жетті. Тұжырымдамада белгіленген мақсаттарды іске асырудың ең тиімді құралдарының бірі — өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қолжетімді ең озық техникаларды қолдануы. 2021-2023 жылдар кезеңінде ХЖТИЖО ТОП-50 қатарынан ірі кәсіпорындардың қызметін қамтитын өндірістік процестерде тиімді технологияларды пайдалану бойынша өнеркәсіптің әртүрлі саласы үшін 16 анықтамалықты жасақтады. 2027 жылға дейін өңдеу саласы, сумен жабдықтау, қалдықтарды утилизациялау және мал шаруашылығы компаниялары үшін тағы 16 құжат әзірлеу жоспарда бар.
«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген дамыған елдерде бизнестің өзі салалық анықтамалықтарды әзірлеуге қаражат салуға мүдделі. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Атамекен» палатасымен, мүдделі салалық қауымдастықтармен және ұйымдармен бірге 2025–2027 жылдарға жоспарланған анықтамалықтарды әзірлеу жөніндегі іс-шараларды бірлесіп қаржыландыру мәселесін пысықтауы қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.