Шымкентте ана мен бала денсаулығын нығайту және өлім-жітімді азайту мақсатында кешенді істер жүзеге асырылуда.
Соңғы 3 жылда балалар ауруханасының құрал-жабдықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 75-тен 94 пайызға өскені байқалды, алдыңғы жылдарға қарағанда. Бұл ана мен бала денсаулығына көңіл бөлініп жатқанының көрсеткіші деп санаймын.
Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек Шымкент қаласы бойынша 3 жылда атқарылған жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде ана мен бала өлімі азайған. Нәресте өлімі 19,3, ана өлімі 80,4 пайызға төмендеген. Басқарма басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаеваның айтуынша бұл көрсеткіштерге босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жақсаруы мен мамандарды шет елдерде оқытып, тәжірибе алмасуы септігін тигізді.
Нақтырақ айтар болсақ,2023 жылы босандыру және базалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 151 бірлік жабдық сатып алынып, босану ұйымдарының көмек көрсету деңгейі көтерілді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың сәуір айында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған №2 оңалту орталығының базасында ерте араласу бөлімшесі ашылды. Шымкент қаласында ана өлімі тіркелмеді. Ал, нәрестелер өлімі 7,2 пайызға төмендеген.
Естеріңізде болса, пандемия кезінде COVID инфекциялық орталығы ашылған болатын. Сол нысан былтыр клиникалық балалар ауруханасының қолданысына берілді. Нәтижесінде төсек-орын саны артып, орын тапшылық мәселесі шешілді.
Сол жұмыстардың нәтижесінде қалалық биыл № 2 аурухананың перзентхана бөлімшесі мен қалалық перзентхана перинаталдық көмектің 3-деңгейіне ауыстырылды. Сондай-ақ Шымкент қалалық № 3 аурухананың перзентхана бөлімшесі 2-деңгейге ауыстырылды. Бұл қала перзентханаларының материалдық-техникалық базасының нығаюымен қатар, медициналық қызмет сапасының артуына зор ықпал етіп отыр.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында биыл алғаш рет «Бір күндік клиника» бірегей жобасы іске қосылды. Қалалық перинаталдық орталық базасында ашылған клиникада жүкті әйелдер ерте кезеңде диагностикалық тексеруден өтіп, туа біткен ахауларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Ал, жоғары санатты қалалық балалар клиникалық ауруханасы мамандарды оқыту, сонымен қатар мекемеде жоқ медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және ауруханада жоқ бейіндерді ашу бойынша жоспарларын биыл сәтті аяқтаған.
Балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділованың сөзінше барлық педиатриялық көмек бір орталықтандырылып, мамандар жұмылдырылған. Қабылдау бөліміне тәулігіне 450-500-ге дейін бала медициналық көмекке жүгініпті. Күніне 450-495-ке дейін науқас стационарлық көмек алып. Сонымен қатар біздің тәулігіне 27-30-ға дейін операция жасалған екен.
Тіпті қымбат оталарды да. Еске сала кету керек, қазіргі жеткен аурухананың басты жетістігі – эпилепсия ауруына шалдыққан балаларға ВНС қондырғысын қою қолға алыныпты. Екі корпустан құралған ауруханада 495 төсек-орын бар.
Емхана базасында былтыр пайдалануға берілген ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқа да мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен емдеп жатыр. Қазіргі таңда офтальмология бөлімшесін ашуға дайындық жұмыстары басталып кетті және ол үшін тиісті мамандар даярлану үстінде.
Жалпы бүгінгі таңда Шымкент қаласында 18 жасқа дейін тұрғындар саны — 470 мыңға жуық. Осы орайда қалалық клиникалық балалар ауруханасы оларға жоспарлы және жедел медициналық көмек көрсететін жалғыз медицина мекемесі болып табылатынын атап өту керек.