25 маусым мен 3 шілде аралығында Астана қаласында 7-8-сынып оқушылары арасында кіші футболдан өткен «Ұлттық мектеп лигасының» ойындарында Түлкібас ауданына қарасты Ю.Гагарин атындағы мектебінің оқушылары еліміздің орта білім беру мекемелерінің ішінен үздік нәтижеге қол жеткізіп, ел чемпионы атанып отыр.
Түлкібастық жас аяқдопшылар жартылай финалда Астана қаласының командасымен жолдары түйісіп, 1-0 есебімен басым түссе, ақтық ойында Павлодар қаласының команадасын 1-0 есебімен жеңіп, бас жүлдені иеленді.
Айта кетейік, осыған дейін де аталған білім беру ұясының оқушылары облыс намысын ел біріншілігінде абыроймен қорғап, үш рет ел чемпионы атанған болатын.