Арыстық балалар ағымдағы жылды естерінен шығар үшін лагерлерде демалыстарын өткізіп жатыр. Қатты жарылыстың кесірі балалардың психикасына әсерін тигізбей қоймайды. Сол қиын күндерді ұмытып, бір серпілу үшін Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен арыстық 100 баланы Машат шатқалындағы Б.Саттарханов және Машат ауылы маңында орналасқан Арман 1 лагерлерінде үш ауысыммен демалдыру жоспарлануда. Қазіргі таңда жоғарғыда аталған, лагерлерде 20 кішкентай арыстықтар демалыпжүр.
Аталмыш лагерлерде арыстық балаларға демалу мен қатар, оқу және сауықтыру шаралары да қаралған. Сондай-ақ, демалушы балалардың көңілін көтеру мақсатында әр күнге арнай шаралар да бекітілген.
Түлкібас ауданының таза ауасымен тың демалған кішкентай арыстықтар өз үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен қайтатыны анық.
2019 жылдың 17 шілде күні Машат шатқалындағы, «Самал» облыстық балалар үйінің жасөспірімдері арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында асық ату, нысана көздеу, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен жарыстар өткізілді. Аталған жарыс 4 топ арасында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары дәрежелеріне сәйкес диплом және сыйлықтармен марапатталды.