Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бекназаров Ерлан Нұрланұлы баяндады.
Бүгінде ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %. Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптары және Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағы ауыз сумен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Сайрам, Қызылсу және Бозарық елді мекенінің жаңақұрылыс аумағында ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Жұмыстар жылдың соңында аяқталады. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 % құрайды.
Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 %. Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алабының жаңақұрылыс аумақтары электр жарығымен қамтуды қажет етеді. 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр жарығының құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, аталған аумақта абоненттеу жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, Сайрам тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының жаңақұрылыс аумағын электр жарығымен қамту жұмыстары басталды. Жұмыстардың аяқталуына орай, қамту көрсеткіші 100 % құрайды.
Қазіргі таңда ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 % құрайды. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары.
Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады.
Қалған елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын табиғи газбен қамту 2025 жылдың жоспарына енгізілген.
Ал аудан аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстары бойынша: Аудан аумағында 603 көп қабатты үй 210 аулаға біріктірілген. 210 ауланың 189 ауласы абаттандырылған. 2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында ағымдағы жылы 21 балалар ойын алаңы (көп қабатты үй аумағында 5 аула) мен 9 ашық спорт алаңшасын салу жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін көп қабатты үй аулаларын 100 % абаттандыру жоспарда.

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.