Қаламызда атқаралып жатқан игі істер жеткілікті. Қысқа уақытта қаланың экономикалық дамуы, сыртқы келбетіне де әсерін беруде. Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың қатысуымен бүгін Тұран шағынауданындағы №1, №2, және №7 жаңа көлік жолдарының құрылысы бойынша көшпелі жиналыс өткізілді, деп хабарлайды q-content.kz тілшісі.
№1 көшесіндегі Жоба бойынша жолға түсетін жер телімдерін алу бойынша тұрғындармен ақылдаса келе, Жобаға өзгеріс енгізіп, жоба бойынша алынатын 14 үйге бұзылмайтын болды. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың жолды үйлерден айнала салу туралы шешімі қабылданып, жауапты басқарма басшыларына Жобаға тиісті өзгерістер енгізу туралы тапсырмалар берген болатын.
Қаладағы маңызды көшелерінің біріне саналатын айналмалы жолдан көп ұзамай көліктер тоқтаусыз жүре бастамақ.