«JASYL EL» атауы әрбір қазақстандыққа жақсы таныс. Жалпыұлттық жобаның еңбек маусымы жалғасуда. Жоба жастарды еңбекке баулуды, табиғатты аялауға шақыруды көздейді. Осы ретте жыл сайын еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келе жатқан жобаның биылғы жаңалықтары туралы ақпарат ұсынуды жөн көрдік.
«JASYL EL» еңбек жасақтарына өтінім қабылдау биылғы жылы мамыр айынан баcталып, ерікті жастардан құралған топ жұмысты жалғастырып келеді.
Жобаға 16-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Еңбек сарбаздарына арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Жалпы қала бойынша биылғы жылы 1313 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жоба Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтуде.
Жастар құжаттар мен өтінімді «Жасыл ел» штабында аудан бойынша жауапты ретінде бекітілген арнайы қызметкерге тапсырады.
Аталмыш жоба мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған жалпыұлттық қозғалыс.
Тағы бір айта кетерлік жайт, еңбек маусымының ауқымы барынша кең екендігі. Яғни, жас жұмысшылар тал-теректерді күту мен көгалдандыру, елді мекендерді абаттандыру және құрылыс жұмыстары секілді бағыттардағы қызметтерді атқаратын болады. Үшінші шаһардың жастарынан құралған жасақ мүшелері жаз, күз айларында қолға күрек пен қап ұстап қоршаған ортаға пайдалы іспен айналысып әрі өздері қосымша табыс табады деген сөз.
Сізді қаламызды көркейту үшін бізбен бірге жұмыс жасауға шақырамыз.
Жұмыс орны, кестесі, уақыты, шарттары мен ұсыныстар туралы толығырақ білу үшін төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы біле аласыздар.
Абай ауданы: Бораш Лаура 8 (700) 360-96-00
Әл-Фараби ауданы: Сырлыбаев Абай +7 (700) 323-40-40
Еңбекші ауданы: Нұрлан Айгерім +7 (747) 452-51-96
Қаратау ауданы: Омарова Жазира +7 (708) 851-01-53
Тұран ауданы: Тұрысбек Бахытжан +7 (700) 603-00-13