Елбасымыз, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдап отырған жастар саясатымыз өз жемісін беріп жатқан жайы бар. «Жастар жылы» мемлекет тарапынан жастарымызға көптеген мүмкіндіктердің есіктері ашылды. Атап айтқанда, қаржылық саласында кәсібін ашуға жастарымызға қаржылық ұйымдар жеңілдетілген несиелерін ұсынды.
Көпбалалы аналарымыз да мемлекеттің қамқорлығынан ше қалмауда. Аналарымызға арналған кәсіптік несиелердің де түрлері қаржылық мекемелер арқылы беріліп жатқан жайы бар.
Түлкібас ауданының орталығы, Т.Рысқұлов ауылы тұрғыны Ақнұр Дүйсенбаева үй шаруасындағы көпбалалы ана. Қосағымен бірге 6 баланы өсіріп, тәрбиелеп отыр. Жолдасы, үлкен баласы екеуі аудан орталығындағы шағын цехтарда жихаздар жасап, оны саудалап, нәпаха табатын. Өз цехтарын ашайын десе, «қысқа жіп күрмеуге келмейді» демекші, қаражат жағы тапшы болып жүрген-ді. Үкіметтен тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек жайлы хабар көңілдеріне үміт ұялатты. Уақыт оздырмастан жергілікті әкімдікке тиісті құжаттарын өткізді. Көп ұзамай бұл отбасына Үкіметтен 1 309 116 теңге тағайындалып, бір бөлігі қолдарына берілді. Көкейлерінде жүрген мақсаттарын орындайтын сәт те келіп жетті. Яғни үйлерінің ауласынан шағын цех ашып, әкелі-балалылар түрлі жиҺаздар жасауға білек сыбана кірісті. Тапсырысқа орай, үстелден бастап, орындық, диван, шифоньер, шкафтардың түр-түрін тәп-тәуір, сапалы етіп жасайды. Қазіргі уақытта табыстары артып, берекелері кіріп қалды. Отанасы Ақнұр Дүйсенбаева Үкіметтің осылайша қолдау жасағанына отбасының атынан алғыс білдірді.