«Байтақ» жасылдар партиясы қазіргі қазақ еліне ұсынылып отырған АЭС қондырғысын «бейбіт атом» – таза энергияның қауіпсіз көзі» деп таныды.
Бейбіт атомның экологиялық артықшылықтары:
«Байтақ» партиясы халықтың ішінен шыққан саяси партия болғандықтан, халықтың көкейінде жүрген АЭС-тің қауіпсіздігінен басқа, үш мәселе, ол – болашақ ұрпаққа таза ауа, таза жер және таза су қалдыру.
Атмосфераға шығарындылардың ең төмен деңгейі:
1. Парниктік газдар шығарындыларының болмауы. АЭС жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі себептері болып табылатын көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды.
Бұл олардың шығарындыларын азайту және декарбонизациялауға қол жеткізетін маңызды құралы.
2. Көмір электр станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары күкірт пен азот оксидтерін, қатты қалдық бөлшектерді, сонымен қатар, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа ластаушы заттарды іс жүзінде шығармайды.
Жерді тиімді пайдалану:
1. Атом электр станциялары бірдей қуаттағы күн және жел электр станцияларына қарағанда едәуір аз аумақты қамтиды. Бұл ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа да мақсаттар үшін құнды жерлерді сақтауға мүмкіндік береді.
2. АЭС құрылысы үлкен су қоймаларын құруды және аумақтарды су басуды талап ететін гидроэлектростанциялармен салыстырғанда табиғи ландшафтқа аз әсер етеді.
3. АЭС орналасқан жерде радоктивтік қалдықтардың өндірістік қызметін бақылауға, оларды залалсыздандыруға және жоюға әлемнің озық технологиялары жетіп асатынын, осы бағытта еліміздің тәжірибесі жеткілікті екеніне сенімдімін.
Су ресурстарын сақтау:
1. Қазіргі заманғы атом электр станциялары жылу электр станцияларымен салыстырғанда суды тұтынуды едәуір төмендететін жабық сумен жабдықтау циклін қолданады.
2. Кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу электр станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары су объектілеріне зиянды заттарды тастамайды.
Мамандардың айтуы бойынша, егер Балқаш көлінің жағасында бейбіт атом орналасқан жағдайда, АЭС-тің пайдалану кезінде судың қайтарымсыз шығыны көлдің табиғи булануынан болатын шығынмен салыстырғанда әлдеқайда төмен болатынын атап айтты.
Анықтама. 2021 жылы Балқаш көлінің су балансының шығыс бөлігі су бетінен – 18,9 км3 көлемінде буланады.
Ал вендорлар ұсынған деректерге сәйкес, екі блокты атом электр станциясын пайдаланудан судың қайтарымсыз шығыны (булануы) жылына шамамен 63 млн.м3 құрайды, бұл Балқаш көлі булануының 0,32% – на тең.
Сарапшылардың есебіне сәйкес Балқаш-Алакөл бассейнінің су ресурстарының көлемі 25,2 млрд. м3-ті құрайтын болса, онда атом электр станциясы аталған бассейннің суына айтарлықтай әсер етпейді.
Демек, «Бейбіт атом» – таза энергияның қауіпсіз көзі екеніне көзіміз жетіп отыр.
Бекберген Керей, «Байтақ» жасылдар партиясының Аппарат басшысы