Арыстағы 17 сектор туралы
24 маусымдағы Арыстағы төтенше жағдай елге жеңіл тиген жоқ. 40 мыңнан астам тұрғын қаланы тастап шығуға мәжбүр болды. Бүкіл қазақ елі бірігіп, арыстықтарға көмектесті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Арысқа арнайы келіп, қаланы қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевтің тапсырмасымен 17 сектор құрылды. Әр секторға бір облыс немесе қала әкімдігі және Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдіктері жауапты болып бекітілді.
Өңір әкімдіктері құрылыс жұмысына тікелей жауап берсе, аудан әкімдіктері тұрғындарды тіркеу, өтемақыға құжаттарын жинау, гуманитарлық көмек көрсету, тазалық және өзге де жұмыстарға жауапты болды. Облыстық штаб құрылды. Облыс әкімінің кеңесшісі Ұ.Сәдібеков пен өзге де штаб мүшелері әр сектордың жұмысын бақылап, тұрғындармен күн сайын кездесіп жатыр. Арыз-шағымдарын тыңдап, әрбір мәселені шешуге атсалысуда.
Сонымен 17 сектор туралы қысқаша мәлімет берейін.
1. Атырау облысы мен Жетісай ауданы. Бұл секторда 482 үй бар.
2. Павлодар облысы мен Арыс қаласы. Бұл секторда 322 үй бар. Оның 5-еуі көпқабатты.
3. Жамбыл облысы мен Шардара ауданы. Секторда 312 үй бар.
4. Маңғыстау облысы мен Сайрам ауданы. Секторда 331 үй бар.
5. Қарағанды облысы мен Төлеби ауданы. Cекторда 72 жеке, 11 көпқабатты үй бар.
6. Қызылорда облысы мен Созақ ауданы. Секторда 254 үй бар.
7. Түркістан облысы. Бұл секторда 463 жеке, 7 көпқабатты үй бар
8. Шығыс Қазақстан облысы мен Мақтаарал ауданы. Бұл секторда 552 жеке үй бар.
9. Нұрсұлтан қаласы мен Түркістан қаласы. Бұл секторда 600 жеке үй мен 59 көпқабатты үй бар.
10. Шымкент қаласы мен Кентау қаласы. Бұл секторда 646 жеке үй мен 6 көпқабатты үй бар.
11. Батыс Қазақстан облысы мен Отырар ауданы. Бұл секторда 698 үй мен 7 көпқабатты үй бар.
12. Ақтөбе облысы мен Келес ауданы. Бұл секторда 789 жеке үй бар.
13. Солтүстік Қазақстан облысы мен Ордабасы ауданы. Бұл секторда 368 жеке үй бар.
14. Алматы қаласы мен Түлкібас ауданы. Бұл секторда 496 жеке үй бар.
15. Алматы облысы мен Бәйдібек ауданы. Бұл секторда 826 жеке үй мен 3 көпқабатты үй орналасқан.
16. Қостанай облысы мен Сарыағаш ауданы. Бұл секторда 659 жер үй бар.
17. Ақмола облысы мен Қазығұрт ауданы. Бұл секторда 490 жер үй мен 8 көпқабатты үй бар.
Әр сектордағы жағдай әр түрлі. Кейбір секторларда жалпы үй аз болғанымен, басынан салынатын үйлер көп. Ал біразында үй көп болғанымен, жұмыстары оңайлау дегендей. Жалпы, барлық секторда жұмыс бар.