Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Аға буын өкілдері «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Жолдауда айтылған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Президент Жолдауына дәстүр бойынша қалалық ардагерлер кеңесі үн қосып, басқосуда бірқатар байыпты баяндамалар жасалды.

Қала әкімінің орынбасары биылғы Жолдауда Әділетті Қазақстанды құру, жалпы халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері қамтылғанын, ендігі ретте ел азаматтарына ұйымшылдық таныту қажет екенін айтты.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев Жолдаудағы негізгі басым бағыттарға тоқталды.

– Президент Қасым–Жомарт Кемелұлының халыққа арнаған Жолдауында азаматтардың жағдайын жақсарту, салық, бюджеттік қарым-қатынасты реттеу мәселелері дұрыс көтеріліп отыр. Экономиканы дамыту үшін тек бюджетке қарап отыруға болмайды. Салық жүйесінде көп олқылықтар бар еді. Бізге қазір өндірілген өнімді терең өңдеу, өнімнің шикізат күйінде қалып қоймауына назар аудару қажет. Ауылшаруашылығын дамытуда арзандатылған несие беру ұсынысы айтты. Бұл – өте орынды көтерілген мәселе.

Өндірілген өнімді өңдеу мен сату күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Қазіргі уақытта нарыққа бейімделу, бәсекеге қабілетті болудың маңызы зор. Сол себептен де биылғы Жолдауда экономиканың, қоғам мен мемлекет өмірінің сан саласы қамтылып отыр, – деді К.Төлебаев.

Ардагерлер кеңесінің мүшесі Қанжігіт Сыздық өндірісті терең өңдеп, қосымша өнім шығаратын жағдайға жетуіміз қажеттігін, жалпы Жолдаудағы түйінді жағдайларға егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар, өзекті ойлар айтылды.

Жиынға ардагерлер кеңесінің мүшелерімен қатар, салалық ардагерлер ұйымдарының жетекшілері қатысты.

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.