Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XXI сессиясы өтті. Жиында 8 мәселе қаралып, барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессияға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Күн тәртібінде алдымен «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев бюджет жобасын баяндады. Аталған жоба Қоғамдық кеңесте және мәслихаттың тұрақты комиссияларында жан-жақты талқыланған болатын. Басқарма басшысы жалпы бюджет көлемін 15 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылып отырғанын атап өтті сессия барысында. Аталған қаржы бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін шешуге, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік мәселелер және тағы басқа салаларға бағытталмақ. Яғни, қала бюджетінің көлемі бүгінгі таңдағы 764 млрд теңгеден 779 млрд теңгеге ұлғаятыны белгілі болды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XXI сессиясында қаланың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасын екі басқармаға бөлу мәселесі талқыға түсіп, шешімін тапты. Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы, Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы деп қайта құру ұсынысын мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Бүгінде мегаполис қаланың сәулеттік келбетін дамыту күн тәртібінде тұр.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті сессияда маңызды мәселелер қаралғанын атап өтті сессияда. Инфрақұрылыммен қамту, халықтың өмір сүруін жақсарту бағытында маңызды шешімдер қабылданғанын айтып, бұл бағытта депутаттарды одан әрі де бірлесе жұмыс істеуге шақырды қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.