Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімет беріп отыр.
Қазақстан Президенті жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елді мекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауызсумен қамту бойынша жоспарымен танысты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Еске салайық, Е.Айтаханов Шымкент қаласының әкімі болып 30 шілде күні тағайындалған болатын. Мегаполисті бұған дейін басқарып келген Ғабидолла Әбдірахымов Президент Жарлығымен қызметінен босатылған болатын.