Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалы директоры, білім басқармасының басшылығы мен қызметкерлері және мектеп директорларының қатысуымен жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну мақсатында жиналыс өтті.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсынды.
Сонымен қатар, мүдделі ұйым басшылары «Орта білім беру сапасын арттыру мәселелері туралы», «Еліміздің мақсатты мектептерін дамытудың кешенді тәсілі: қажеттіліктерді талдаудан атаулы қолдауға дейін» және «Педагогтерді біліктілік арттыру курстарынан өткізу жағдайы туралы» тақырыптарында баяндама жасады.
Баяндамада сапаны қамтамасыз ету принциптері мен әдістері, мониторинг және бағалауды ұйымдастыру шеңберінде сапаны қамтамасыз ету қадамдары туралы әдістемелік ұсынымдар берді. Табысты оқу мен оқытудың алғышарттары мен инновациялық тәсілдердің түрлері талқыланды.