Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық флешмоб өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырған. Жалпы, аумағындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы қатысқан жиында рухты әндер айтылды, домбырамен күй шертілді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше қуаныш сыйлаған мерекелік шаралар легі толастаған емес. Мәні зор мерекенің мағынасын арттырған бүгінгі шара соның айғағы. «Қыран елім – Қазақстан» патриоттық акцияны қолдау мақсатында алаңға жиналған жастар арнайы бейнеролик де түсірді. Алдағы уақытта оқушылар бұл түсірілімді әлеуметтік желілерге жарияламақ. Сол арқылы интернет қолданушыларға үлгі болуда мақсат еткен.
Алдағы уақытта, жас ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиетті дарытып, Атажұрттың абыройын асқақтатар тұлға тәрбиелеуде бұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырлмақ.
Еске сала кетейік, Республика күні — бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты — Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.
Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз.
Осы атаулы күні Отанымыз — Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.