Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек жүргізіп, комиссияның жаңа құрамын таныстырды. Жиында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары мен мүшелерді 6 секторға бөлу мәселелері талқыланды.
Комиссия төрағасы Сәрсен Құранбек, төрағаның орынбасары Дариякүл Қожамжарова, ал хатшысы Тоғжан Манкешова тағайындалды. Жиында комиссияның 26 мүшесі толық таныстырылып, олардың қаладағы барлық басқармалар мен салалардың өкілдерін қамтуы маңызды екені атап көрсетілді. Төраға Сәрсен Абайұлы: «Комиссия құрамына қоғамның барлық топтарын қамтуға тырыстық, бұл біздің жұмысымыздың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының тапсырмалары аясында комиссияның жаңа құрамы құрылды. Комиссияның алдағы жоспарына сәйкес, наурыз айында қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың дағдарыс орталығындағы жағдайын бақылау, Ана мен бала денсаулығын жақсарту, баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылу барысы, полиция жанындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторларының жұмысын жақсарту, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтарының ауқымды іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.
Комиссияның жұмысын 6 негізгі бағыт бойынша ұйымдастыру жоспарлануда:
Әлеуметтік-демографиялық даму: Туу, өлім-жітім, денсаулық сақтау, ажырасу, көші-қон мәселелері қарастырылады. Бұл бағытта отбасылардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын бақылау маңызды;
Экономикалық мүмкіндіктер: Әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту, еңбек қатынастары мен экономикалық қатысу мүмкіндіктерін арттыру. Комиссия әйелдердің жұмысқа орналасу және кәсіби дамуына ерекше назар аударады;
Отбасы және мәдени-адамгершілікті дамыту: Отбасының дамуы, мәдени тәрбие беру, ұлттық кодты сақтау. Бұл бағытта отбасылық құндылықтарды насихаттау маңызды;
Қауіпсіздік: Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, қиын өмірлік жағдайды жеңу. Комиссия зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейтеді;
Гендерлік саясат: Гендерлік теңдік, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Бұл бағытта әйелдердің қоғамдық өмірге қатысуын арттыру жоспарлануда;